Республикалық мәдени-ағартушылық жобасы негізінде қаламызда үлкен бір шара өткізілді.. Бұл жоба 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Мың бала» атты сайыс. Осы жобаға №41 мектептен қатысқан 8 «А» сынып оқушысы Берг Ольга «Ұлы даланың мәңгілік тілі» атты номенациясының лауреаты атанып, Алғыс хатпен марапатталды және Кәкеш Қайыржанұлының «Сөз – сандық» атты қазақтың көне сөздеріне түсінік беретін кітапқа иеленді. Берг Оля – мектеп мақтанышы, үздік оқушысы, тәрбиелі отбасынан шыққан бала.Сайысқа дайындаған ұстазы –Жүсіпова Гаухар Жанғалиқызы. Ол қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Гаухар Жанғалиқызы мен Оляға мың алғысымызды білдіре отырып,шығармашылық табыстар тілейміз.