« Жас құтқарушы -2017 »
29 сәуір күні № 41 мектеп негізінде Павлодар қаласының мектеп оқушылары арасында «Жас құтқарушы -2017» суда-құтқару көп күресі бойынша жарыстар өтті.
Жарысқа қаланың 5 мектебі қатысты: № 34,№ 36,№ 12,№ 5,№ 41.
І орын - 41 мектеп
ІІ орын - 34 мектеп
ІІІ орын - 36 мектеп
ТЖ Департаменті атынан командалар медаль мен мадақтамалармен марапатталды. Жеңімпаз команда атаулы кубокпен марапатталды және Дүние жүзі ЭКСПО-2017 көрмесіне жолдауға ие болды.
Жалпы 20 бала қатысты. Жарыс ұйымдастырушысы – ТЖ Облыс Департаментінің құтқарушысы -Фургунов Александр Олегович және № 41 ЖОБМ дене тәрбиесі мұғалімі -Лаврентьева Оксана Анатольевна болып табылады.