Павлодар қаласы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген «Әй, жарайсың!» конкурсының жартылай финалынан Финалдық турға жолдама алған оқушыларымыз: С.Атакишиева., М.Лоскутникова., В.Мамизерев., К.Сидорук., У.Коноплёва және К.Никитенколарды құттықтаймыз!
Сайыстың мақсаты - мемлекеттік тілдің дәрежесін көтеріп, тілге құрметпен қарау, ұлттық салт - дәстүрлерімізді көрсете білу болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда оқушыларымызды осы сайысқа үлкен жауапкершілікпен дайындап, оқушылардың бар таланттарын аша білген қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері: Г.Ж.Жүсіпова., А.С.Ахметова., Ж.С.Кайдарова және Г.Х.Жакуповаларға алғыс білдіреміз!
Алдағы Финалдық турда биік белестерді бағындырады деген сенімдеміз. Тек алға, сәттілік сіздерге!!!
«Әй, жарайсың!»