№ 41 ЖОБМ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Бір шаңырақ аясында" халықтар достығы фестивалі өтті. Мақсаты-оқушылардың өзге ұлт өкілдерінің өміріне және олардың мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, ұлттық өнеріне қызығушылығын қалыптастыру, өскелең ұрпақты Қазақстан халқының әр түрлі мәдениетіне деген достық пен құрмет атмосферасында тәрбиелеу. Азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, әр түрлі этностарға қатысты жақсы сезімдерді дарыту.
Фестиваль аясында 1-11 сынып оқушылары Қазақстанда тұратын 10-нан астам ұлттардың салт-дәстүрлерімен танысты. Балалар халықтар, мемлекеттер, адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын көрсетті.
Әр сынып параллелінде ұлттық тағамдарды, халық биін, халық әндерін, қолданбалы өнер, костюмдерді, рәміздерді көрсету мүмкіндігі ұсынылды. Құттықтау әр түрлі халықтардың тілдерінде айтылды.
Қазақ,поляктар, өзбектер, украиндар және орыстар – бір тату отбасымен біздің мектептің сахнасында өз өнерлерін жарқын және әсем көрсетті. Олар туралы мәжіліс залының сахнасынан ғана емес, сонымен қатар мектеп вестибюльін безендірген газеттерден да айтылды. Балалар өздерінің ұйымшылдығын және шығармашылық тәсілін көрсетті!
Қатысушылар сахнаға ұлттық киіммен шыққанда оқиға ауқымын фестивальдің алғашқы минуттарынан бастап бағалауға болады. Одан кейін концерттік бағдарлама басталды, ол бір сағат бойы жалғасты, бірақ залдан ешкім кетіп қалған жоқ. Барлық халық ұжымдары көрермендердің жылы лебіздерін білдірді. Залда достық атмосферасы орнады.
Конкурс номинациясының жеңімпаздарын құттықтаймыз, олар халықтың бірлігі – біздің күшіміз екендігін біледі!
Өз балаларының шығармашылығына немқұрайлы қарамаған ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!