«Шаңырақ»
№41 ЖОБМ-да "Шаңырақ" облыстық жобасы аясында "Киіз үйлер көрмесі" өткізіледі .Көрме киіз үйлердің макеттері түрінде безендірілді.
— Әрбір киіз үй қайталанбас және ерекше орындалуымен ерекшеленеді, - дейді мектеп директоры А. Е. Солтанбекова. Өз жұмыстарында балалар түрлі әдіс-тәсілдер мен орындау техникасын және түрлі материалдарды: киіз, ағаш, қағаз, пластилин пайдаланды. Киіз үй макеттерінде қазақ этносының бұйымдары бейнеленген, сондықтан көрермендер хандар мен батырлар кезіндегі ой-пікірлерімен алмасады. Барлығы50-денастамжұмысұсынылды. Көрме 20 наурызға дейін жалғасады.