Телефон доверия
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Адрес: ул. Малайсары батыра 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник 15:00-18:00 Среда 15:00-18:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ұлттық мұрамызды жаңғырту мақсатында «Қара жорғаны» бәріміз үйренуіміз керек. Осы мақсатта Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектебімізде «Қара жорға – биіні
19-12-2010 18:00
 Ұлттық мұрамызды жаңғырту мақсатында «Қара жорғаны» бәріміз үйренуіміз керек. Осы мақсатта Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектебімізде «Қара жорға – биіні

Бір мезгілде «Қара жорға» биін он мың адам билеп, әйгілі Гиннестің рекордтар кітабына алтын әріптермен жазылған.

Бидің шығу тарихына тоқталсақ, өнер зерттеушілердің пайымдауынша, ХІІ ғасырда шыққан. Ал Қазақстанға осы биді ең алғаш әкеп, ел арасында дәріптеп насихаттаған – Арыстан қажы Шәдетұлы. Қазір жетпістен асса да биді нақышына келтіріп билейді. Жастарға үйретуден жалықпайды. Арыстан қажы Шәдетұлының айтуынша, «Қара жорға» Шыңжаңның Алтай өлкесінде шоғырлана қоныстаған қазақтың Керей руының биі екен. Бидің үш түрлі атауы бар: «Қара жорға», «Бақсы биі», «Буын биі». Басқа билерден айырмашылығы, өзіндік дара қасиеті – оны билеген кезде адамның барлық буындары дерлік қозғалысқа түсетіндігінде.

«Қара жорға» - қазақтығыңды танытатын делебеңді қоздырып желпіндіріп тастайтын өнер туындысы – баршамыздың мақтанышымыз, ұлттық символымыздың бірі. Оны білу, меңгеру – баршамызға парыз. Өкінішке қарай, халық бидің билеу тәсілін жақсы білмейді.

Ұлттық мұрамызды жаңғырту мақсатында «Қара жорғаны» бәріміз үйренуіміз керек. Осы мақсатта Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектебімізде «Қара жорға – биінің тұсаукесуі» өтті.

Биді сахнаға шығарған мұғалім –Гүлнұр Тағатқызы мен мектебіміздің би үйірмесінің жетекшісі – Ксения, билеген оқушылар: Елемесов Нұржан, Калиев Айзат–

4 «Г» сынып оқушылары, Жумабаева - Әлия – 4 «В» сынып оқушысы, Нұрғали Гүлнар – 6 «В» сынып оқушысы. Оқушыларға айтарым, талаптарыңа нұр жаусын!

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Негманова Құралай Уахитқызы