Бүгін мектеп қабырғасында ҚР халықтарының тілдері күніне орай Тілдер айлығы аясында 5 сыныптар арасында «Тіл – татулықтың тірегі» атты сайыс өтті. Сайыс оқушылар арасында мемлекеттік тілді кеңінен қолдануын насихаттау, тіл – татулықтың, достықтың тетігі, тәрбиенің көзі, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру мақсатын көздеді. Қазақ тілі мұғалімдері Қарашаш Керейбаева мен Арайлым Ермекованың ұйымдастыруымен өткен шараға белсенді оқушылар қатысып, тілге байланысты сұрақтарға жауап берді. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Оқушылар «Білгірлер» және «Тапқырлар» атты екі топқа бөлінді, сайысты оқу ісінің меңгерушісі Әсем Мукушева мен ӘБ меңгерушісі Бақытжамал Аугалиева бағалады. Сайыс барысында қатысушылар мақал-мәтелдерді жалғастырып, жаңылтпаштарды жаңылмай айтудан жарысты. «Бәйге» кезеңінде шәкірттер қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша сұрақтарға жылдам жауап берді. Қазылар алқасы шешім шығару барысында олардың тілдерді меңгеру деңгейін, сұрақтарға жауап беруін, тапсырмаларды дұрыс орындауын бағалады. Екі топ та бірдей ұпай жинап, Алғыс хаттармен марапатталды.
--
«Тіл – татулықтың тірегі»