Жедел респираторлық вирустық инфекциясы
![Жедел респираторлық вирустық инфекциясы](/media/img/blogs/5dea161c1518e.jpg)
Бүгін мектепте жедел респираторлық вирустық инфекция туралы радиоақпарат өтті. Оқушыларға арнап, стенд дайындалды.
Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) - вирустар туындатқан, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялық ауруы, мұрын қуысынан тыныс жүйесінің төменгі бөлімдеріне дейін таралады.
Профилактикасы:
1. Күнделікті таза ауада серуендеу.
2. Белсенді өмір қалпын сақтау.
3. Күн тәртібін сақтау. Толыққанды ұйқы - ЖРВИ-дің маңызды профилактикаларының бірі.
4. Бөлмедегі тазалықты сақтау.
5. Дұрыс тамақтану. Рационында витаминдер, қышқыл сүт өнімдері, жемістер, көкөністер, сорпалар болу қажет.