Шахматтық турнир
18-нен 28 сәуір бойынша Павлодар облысының шахмат федерациясымен бірге «Классикалық шахматтан екінші ватсаптурнир» өткізілді. Турнирге 39 жас шахматшылар қатысты. Бір партияға әр ойыншыға 2 сағат уақыт лимиті орнатылды. Әрбір жүрістің дәл уақытын көрсете отырып, жазба ретінде ойнады. Шахмат тақтасының ауыр шайқастары 11 күн бойы жалғасты.№ 41 ДСБМ 4 «Б» сынып оқушысы Айдана Наурзбай турнир жеңімпазы болды. Екінші орынға сондай-ақ біздің мектептің 4 «Б» сынып оқушысы Родион Миллер ие болды, ал үшінші орын табанды күреспен 4 «А» сынып оқушысы Арина Цветковаға бұйырды! Барлық оқушылар электронды түрде грамоталармен және дипломдармен марапатталды.