Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Біз мақтан тұтатын оқушы!
30-12-2020 13:08
Біз мақтан тұтатын оқушы!

«Маған барлығы қызық», – дейді Павлодар қаласы №43 ЖОББМ-нің 5 «В» сынып оқушысы Реснянский Елисей. Оны туған жерінің байлығы қызықтырады, зерттеу жұмыстарын жүргізеді, мақалалар жазады, минералдар мен тау жыныстарының топтамасын өз қолымен жинайды. 2019 жылы «Зерде» республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының жеңімпазы. 2020 жылы оның «Туған жердің түкпір-түкпірі - кіші отанның минералды байлығын бейнелеу тәсілі ретінде» атты мақаласы «Жылдың 100 үздік ғылыми жобасы» республикалық ғылыми жобалар жинағына енді. Елисей мақаланың авторы және жеңімпаз ретінде I дәрежелі дипломмен, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ҚР төсбелгісімен марапатталды. Ол білімге деген құштарлығы мол, жан-жақты дамыған, барлығына қызығатын оқушы. Оны өзіндік ойлай білу қабілеттілігі, мәселер мен міндеттерді шешуге деген әдеттен тыс әдіс тәсілдер ерекшелендіреді. Елисейдің дүниетанымы кең, ол қызықты сұхбаттасушы, өйткені ол көп оқиды және әртүрлі білім салаларына қызығушылық танытады. Оның бойында логика, шығармашылық қабілеттер және өз-өзін ұйымдастыра алу қабілеті қатар үйлескен. Елисей математика, жаратылыстану бойынша республикалық олимпиадалардың, Ұлы Отан соғысына арналған өлеңдер сайысының және туған қалаға арналған бейнероликтердің жеңімпазы. Оның өз пікірі бар және оны қорғауға қабілетті, осы қасиеттері үшін Елисейді достары мен мұғалімдері сыйлайды. Мектеп осындай керемет оқушыны мақтан тұтады!

Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары А.К.Бейсембаева.