Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен

«Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбында кезекті адалдық сағаты өткізілді.


Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып жалғастырушы суреткер. Ол өз заманының ең мәнді, көкейкесті мәселелерін көтеріп, өзінің көркем қолтаңбасын, қоғам мен адам өміріндегі алуан шындықтар көрінісін шығармаларына арқау етті.
«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен еліне қызмет етуге арнаған.
Сұлтанмахмұт поэзиясы – ақындық шеберліктің, ұлтжандылықтың, азаматтықтың мектебі. Ақын өзінің саналы, саяси, жазушылық өмірін:
«Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,
Разымын, не көрсем де осы жолда
Шаршармын, адасармын, шалдығармын,
Бірақ бір табамын деп, көңілім сонда», – деп жырлап, өмір бойы осы сертін орындау жолында қызмет істеді: өзінің халқына өнер, білімнің шыңына шығу арқылы еркіндік, бақыт іздеді.
Ақынның бел шешіп жазу ісімен айналысқан кездері қазақ халқының тарихында өте бір ауыр жылдар еді. Ол мәдениеті озық, экономикасы дамыған елдердің жоғары жетістіктерін уағыздап, жаңалықтың жаршысы бола білді. Сол себептен ақын «Бүгінгі жастарға оқу міндет, бар қиындықты тек қана ғылым жеңбек» деген үлкен ой тастап:
«Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам?», – деп жазды.
Ақынды толғандырған мәселелер бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Автордың пікірінше, әділдік қана адамдарды «өзара таласудан», «адамның көз жасынан» және «қан төгуден» құтқара алады. Әділдік – бұл «бақыт пен күштің кілті».
Оның сөздері жас ұрпақ үшін бағдар және мәңгілік темірқазық болып қала бермек.
Бейнеролик С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті қолдауымен жасалды.

 

Көрнекті қазақ ағартушысы-педагог, жазушы, этнограф, ғалым-фольклоршы, Ұлт мұғалімі Ыбырай Алтынсариннің өміріне арналған кезекті "парасаттылық сағаты" өткізілді.

 
Ыбырай Алтынсарин өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ балаларын оқытуға арнап, қазақ даласы тарихындағы білім берудің негізін қалаушы-әкесі болды.
 
Алғашқы халық мектебін ашып, тұрғындарды балаларын мектепке беруге шақырып, қазақ тілінде оқулық жазды. "Қазақ христоматиясының" алғы сөзінде автор "осы кітапты құрастыра отырып, мен оның орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленетін қазақ балаларына арналған оқулық және жалпы ағарту үшін қолжетімді кітап болғанын қалаймын..."деп жазды.
 
Қазақ жастары арасында білім беруді дамытудың маңыздылығын Алтынсарин өзінің басқа да көптеген шығармаларында сипаттаған. Оларда автор әділетсіздікті, ұрлықты, ескірген дәстүрлердің зияндылығын жоғары адамгершілік тұрғысынан сынайды.
 
Атақты "Кел, балалар, оқылық" ("Давайте, дети, будем учиться") өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты салыстырды. Оның шығармалары бүгінгі күнге дейін заманауи білім беру жүйесінің негізі болып табылады. Ыбырай Алтынсарин – жаңа поэзияның негізін қалаушы, білім беру көшбасшысы және қазақ халқының алғашқы оқытушысы екені сөзсіз.
 
Ұлт мұғалімі Академия курсанттарының санасында өшпес із қалдырды. Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен шығармашылығы арқылы білім алушыларға адал еңбек пен адамгершілік туралы ойлар жеткізілді. Өйткені, бұл ойларды санаға енгізген кез-келген курсант адалдық пен әділеттілік жолымен жүретініне күмән жоқ.