Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ағылшын тілі апталығы
01-03-2021 09:04
Ағылшын тілі апталығы

22-26 -ақпан аралығында мектебімізде ағылшын тілі апталығы өтті. Апталықтың басты  мақсаты – оқушылардың бойында шет тілін үйренуге деген қызығушылықтарын баулу, оқушылардың мәдени көкжиегін кеңейту, олардың шығармашылық белсенділігін, эстетикалық талғамын дамыту, нәтижесінде тіл үйренуге деген ынталарын арттыру.

Пән апталығын  өткізу және ұйымдастыру кезінде шет тілі мұғалімдері оқушылардың қызығушылықтарын басшылыққа алды. Ағылшын тілі апталығы жақсы деңгейде өтті. Әр түрлі іс-әрекеттерді қамтитын жұмыс жоспары құрылды. Ағылшын тілі мұғалімдері келесідей іс-шаралар дайындады:

  • 3-сынып оқушылары арасында «St.Valentine s Day» атты танымдық сабақ
  • 2-сынып оқушылары арасында  «My favourite English letter» сайысы
  • 7-сынып оқушылары арасында  «Oh,you are lucky» викторинасы  
  • 6 «А» сыныбында «Parks around the world» тақырыбындағы ашық сабақ
  • 8 «B» сыныбында «The importance of places of natural beauty»тақырыбындағы ашық сабақ
  • 9-сынып оқушылары арасында  «What?Where?When?»викторинасы.

Ағылшын тілі мұғалімдері Е.Н.Сотникова, А.Б.Кушенова, Х.В.Ли және  М.С.Сугурбаевабастауыш сыныптарда қызықты әрі танымдық сабақтар  өткізді.  Сабақта оқушылар өте белсенді болды, мұқият жұмыс жасады. Тапсырмалардың   түрлілігі мен әрекеттердің алуандылығы  арқасында сабақ өз мақсаттарына жетті.  

17 ақпан күні ағылшын тілі мұғалімі А.В.Данильчик 7-сынып оқушылары арасында  “Oh, you are lucky” атты викторина өткізді. Балалар  үлкен құштарлықпен жұмбақтар шешті, бір ғана дұрыс жауабы бар сұрақтарға жауап берді.  Сұрақтар қиындығына байланысты 4 секцияға бөлініп, 10-60 ұпай аралығында бағаланды. Викторина нәтижесі бойынша I, II, IIIорындар берілді. 6 А сыныбында М.Б.Мергалимова «Parks around the world» тақырыбы бойынша танымды сабақ өткізді. Оқушылар жаңа сөздерді дұрыс дыбыстауды қызыға үйренді, мәліметтерді сәйкестендірді.  19 ақпанда 9-сыныптардың  паралелінде елтану бойынша викторина өтті. Оны Т.Ж.Кусанова және А.Ш.Бакирова өткізді. ZOOM платформасы арқылы өткен презентация оқушылардың ағылшын тілді елдердің тарихы туралы  білімдерін тексеруге мүмкіндік жасады. Жарыс форматында оқушылар ұсынылған сұрақтарға жауап беріп отырды.  Сұрақтардың бір тобы жылдам  жауап беруді, зейінді, терең білімді қажет етті. Оқушылардың бәсекелесуі олардың терең және сапалы дайындығын көрсетті. Жалпы барлық оқушылар пәнді оқуға, жаңаны танып білуе  деген қызығушылықтарын көрсете алды.    Аталмыш апталық қорытынды шығару және марапаттаумен аяқталды. Барлық қатысушыларға алғыс айтып,  ағылшын тілін үйренуде жақсы нәтижелерге қол жеткізуді тілейміз.

Басшының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К.Бейсембаева.