Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мектеп болашағы-жас мұғалім қолында»
21-04-2021 15:16
«Мектеп болашағы-жас мұғалім қолында»

2021 жылдың 20 сәуірінде ZOOM платформасында дербес және онлайн форматта Павлодар қаласының білім бөлімі мен қалалық білім

қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы "Мектеп болашағы-жас мұғалім қолында" атты тәлімгерлер мен жас мамандардың I форумын өткізді. Форумның мақсаты: шығармашылық белсенділікті ынталандыру, кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға ынталандыру, корпоративтік мәдениетті дамыту, шығармашылықпен жұмыс істейтін жас педагогтарды қолдау және көтермелеу, мұғалім мамандығының беделін арттыру. Оған 120 жас педагог және олардың тәлімгерлері қатысты. Біздің мектептен А.Б. Кайдарова және М. М. Жақсылықова - жас педагогтар, тәлімгер - С. К. Аубакирова қатысты. Форумда зияткерлік және шығармашылық конкурстардың, халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі олимпиадалардың жеңімпаздарын құттықтады. Марапатталғандардың арасында жас маман, бастауыш сынып мұғалімі-Кайдарова Амина Болатовна да бар. Тәжірибелі тәлімгер Аубакирова Самал Каскырбаевнаның басшылығымен Амина Болатовна бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнын оқытудың әдістемесі мен технологияларын меңгеріп қана қоймай, республикалық олимпиадалардың жүлдегері және жеңімпазы атанды. Мектеп ұжымы Амина Болатовнаны кәсіби жетістіктері үшін Павлодар қаласының білім беру бөлімінің мадақтамасымен құттықтайды, оған шығармашылық табыстар мен мансаптық өсуді тілейді.

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К. Бейсембаева