Қамқоршы күні
2011 жылдың 27-ші қазанында мектепте Қамқоршы күні болып өтті. Алдында қамқоршылар арасында қамқорлыққа алынған балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша сауалнама жүргізілді.
Бұл күні балалардың құқығын қорғау бойынша департамент өкілі Б.К. Бесенқызын шақырумен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қамқоршылар өздерінің сұрақтарына жауап алып, келелі мәселелерімен бөлісті. Балалар өздерінің қамқоршы ата-аналарынқұттықтап, «Томирис» әйелдер клубы берген сыйлықтарды оларға тарту етті.