Наурыз
Бүгін, 19 наурыз күні 5-ші сынып параллельдерінде Наурыз мерекесіне арналған шара өтті. Концерттік бағдарламамен Бұқар жырау ат. Мұражайдың қызметкерлері шақырылды. Олар балаларды «Бесік той» дәстүрімен таныстырды. Балалар «Наурыз көжені дайындау» тақырыбында бейнефильм көрді. Соңында балалар викторинаға қатысты. Жеңімпаздарды естелік ретінде бойтұмарлармен марапаттады.