Семинар
27 қарашада №43 жалпы орта білім беру мектебінде үшінші деңгейлік курстан өткен бастауыш сынып мұғалімдері қалалық семинарын өткізді. Каирбаева Б.Ж. 3 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ берді. Сабаққа қалалық мектептерден 15 ұстаз және қалалық білім беру бөлімінен Каиргазина Шолпан Шахановна қатысты. Сабақтың соңында келген мұғалімдер ұсыныс пен тілектер айтты. Сабақ қызықты әрі нәтижелі болды.