![photo-81](/media/img/blogs/428225064.jpg)
![photo-34](/media/img/blogs/247883115.jpg)
![dsc_0015](/media/img/blogs/1279933079.jpg)
![dsc_0013](/media/img/blogs/2019090754.jpg)
![dsc_0003](/media/img/blogs/1060969800.jpg)
![dsc_0009](/media/img/blogs/1948775821.jpg)
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесінің қарсаңында 2016 жылы желтоқсан айының 14-жылдызында Павлодар қаласындағы №43 ЖОМ-де «Мектеп ғұмырнамасы» мұражайының ашылу салтанаты өтті.«Мектеп ғұмырнамасы», «Олар біздің мектепте оқыды»( Ұлы Отан соғысына майданға кеткен мектеп түлектері туралы), «Еңбегі сіңіргендерге құрмет», «Олармен мақтан тұтамыз» атты стендтерде және тағы да басқа экспозицияларда мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар жинаған материалдар орын алды. Ашылу салтанатында теміржол мектебінің негізі мен құрылысына белсенді атсалысқан Павлодар облысының Құрметті азаматы,еңбек ардагері, құрметті теміржолшы, Целинный теміржолының бұрынғы бастығы «мектептің үлкен досы» Әби Сарқыншақұлы Сарқыншақов қатысты. Білім саласының ардагерлері, Павлодар қаласының білім бөлімінің мамандары « өткенін бағалап, бар асылындай қадірлей біліп, болашағына зор сеніммен қарай біледі» дей отыра, мектеп мұражайының ашылуы болашақ ұрпақты отансүйгіштік сезімде тәрбиелеуде маңызы мен ролі орасан екенін атап өтті. «Мұражайдың ашылуы жайында ойлар ертеден туындады, себебі мектептің тарихы Короленко көшесіндегі кішкентай ғана үйден 1921 жылдан басталып, 2016 жылының қараша айында 95 жыл толды. Мұражайдың ашылуының мақсаты жас жеткіншектер мектеп тарихын, дәстүрлерін, тәжірибесін ардақтап, құрметтеп, бағалайды», - деп атап өтті мектеп директоры Зағипа Жұмабайқызы Оразалинова.