Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
11-08-2016 04:27
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»  ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
Слайд1 Безымянный2016 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Павлодар облысында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өткізіледі. Акция 2016 жылы «Бақытты балалық шақ аймағы» ұранымен өтеді және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналады. Акция мақсаты - аз қамтылған отбасындағы балалар, көп балалы отбасы, жағдайы нашар отбасы, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік жағдайға байланысты оқушылардың сабаққа келмеу себебі: мектеп құрал-жарақтары, киім, аяқ киім т.б. алдын алу. Мектепке дайындалу кезінде әр тұрғын немесе облыс ұйымы өз мүмкіндігіне қарай көмекке мұқтаж балаға, аз қамтылған отбасына көмек көрсете алады. Қандай көмек болмасын, мектеп құрал-жарақтары мен киім, оргтехника немесе оқу құралы, кітап т.б. балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектеседі. Қиын жағдайға тап болған балалардың тағдырына немқұрайлы қарамайтын жандарды, балаларға мейірім сыйлауға дайын адамдарды акцияға қатысуға шақырамыз. Егер де Сіз мектепті тастап кеткен, оқымайтын, қайыр сұрайтын, қараусыз қалған, зорлық-зомбылыққа душар болған балалар жөнінде қандай да мәлімет естісеңіз, «ыстық желі телефоны: 555860 хабарласуыңызды сұраймыз.