Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектепте жедел ішек инфекциясының алдын алу бойынша онкүндігі өтуде.
16-06-2016 06:08
Мектепте жедел ішек инфекциясының алдын алу бойынша онкүндігі өтуде.
Қазақстан Республикасының «Денсаулық» Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы, сондай-ақ ҚР ДӘДМ 2016 жылғы 25 сәуірдегі «Саламатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу шаралары жоспарын бекіту туралы» №325 бұйрығын жүзеге асыру аясында 2016 жылғы 06-16 маусым аралығында СӨСҚПҰО ұйымдастыру-әдістемелік қолдауымен Павлодар қаласының №43 ЖОМ ММ жедел ішек инфекциясының алдын алу бойынша онкүндігі өткізілді. Онкүндікті өткізу мақсаты – ересектер мен балалардың жедел ішек инфекциясының алдын алу шаралары, жұғу жолдары жөнінде деңгейін арттыру, алғашқы белгілерін білу, өз-өзін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ жеке гигиенаны сақтау. Саламатты өмір салтын қалыптастыру стендінде координатор Р.С.Аменовпен тақырыптық ақпарат енгізілді: СӨС негізгі аспектілері және жедел ішек ауруларының алдын алу жөніндегі парақшалар мен буклеттер. Онда дұрыс тамақтанудың он екі принципі және қауіпсіз тамақтанудың бес принципі туралы айтылған (ДДО тамақ дайындау жаднамасы). 2 маусым бірінші лагерь ауысымы ашылғанда «Неболейка» үгіт бригадасы (жетекші Е.Б.Невчиенко) ойын түрінде жедел ішек инфекцияларының алдын алу негіздері туралы қойылым қойды. 7 маусым 1-11 сынып оқушылары арасынан 90 оқушыдан астам бала мектепте динамикалық флешмоб көрсетті. Мұнда оқушылар қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқып, әзіл-сықақ үлгідегі қойылымдарды қойды, саламатты өмір салтына әндер шырқалды. Өнерлі де, көрікті жүргізушілер көрермендер көзайымына айналды. Шараға СӨСҚПҰО өкілі Анар Касымовна Турарова қатысып, мектеп ұжымына жылы жүзді шыраймен қабылдағаны үшін өз алғысын білдіріп, зор денсаулық, мол табыс тіледі. 11 маусым асфальт үстінде «Чистые ручки» сайысы өтті, оған мектепішілік лагерьден 100-ден астам бала қатысты. 2016 жылғы 12 маусым таңертеңгі дәстүрлі сапқа тұруда мектептің медициналық қызметкері Н.А.Торопчанина ЖІИ алдын алу алгоритмін еске салды, жеке дағды мен қоғамдық гигиенаны ұстану қажеттілігі жөнінде мағлұмат берді (200 адамды қамтылды). 13 маусым дене тәрбиесі мұғалімдері А.Б.Қожан мен Т.Н.Ячкова «ЖІИ-нан өзімізді сақтайық!» тақырыбына спартакиада өткізілді (бастауыш буыннан 60 оқушы қамтылды). 2016 жылғы 16 маусым болашақ түлектердің көмегімен (11 «А» және 11 «Б» сыныптарынан 40 оқушы) «ЖІИ жеңеміз!» флешмоб өткізіледі. 2016 жылғы 17 маусым онкүндік бойынша фотоесеп беріліп, мектеп сайтына орналастырылады. СӨС жетекшілік ететін, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар О.О.Влашенюк.