11 «Б» сынып оқушысы Голуб Антон тарих мұғалімі Ю.В.Жигулинаның жетекшілігімен «Память в лицах – 2016 г.» облыстық байқау-сайысы жоба дайындады. Бұл байқау Қазақстанда қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарға арналады. Антон өз жұмысында құғын-сүргін жылдары, оның қазақ халқына тигізген зардабы, еліміздің жерлестері туралы бірер сөз қозғады, ХХ ғасырдың 30-жылдарында құғын-сүргінге ұшыраған құрбандар жөнінде зерттеу жұмысымен айналысты. Голуб Антон «Память в лицах – 2016 г.» облыстық байқау-сайысына жеке үлес қосқаны үшін лауреат дипломымен марапатталды.