Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
СӨС МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША XV ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
29-04-2016 01:38
СӨС МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША XV ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2016 жылғы 28 сәуір Павлодар қаласының «№9 мектеп-гимназиясы» ММ базасында Халықаралық денсаулық сақтау жобасын жүзеге асыру аясында «Денсаулық мектебі: сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың денсаулық сақтау құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбына өткізілген XV облыстық конференцияға біздің педагогтар тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары О.О.Влащенюк және СӨС қалыптастырушы координаторы Р.С.Аменов белсене қатысты. Мектеп директоры С.В.Завальнаяның құттықтау сөзінен кейін «Саламатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШС директоры Т.Б.Баймаханов конференцияны ашық деп жариялады. Ол Павлодар облысының жетістіктері, денсаулық саласында, әсіресе оқушыларда жиі кездесетін: созылмалы аурулар, сүйек-бұлшықет жүйесі (сколиоз, майтабан), көру мүшесі, тыныс алу жүйесі, қалқанша безі, асқазан-ішек жолдары, жүрек-тамыр аурулары т.б. жөнінде сөз қозғады. Осы мәселеге тек қана отбасы емес, сондай-ақ мектеп тарапынан да үлкен жауапкершілік артылатынын атап өтті. Павлодар облысының ересек және балалар тұрғындары арасындағы 16% адам, өздерін деніміз сау деп есептейді. «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау саласын дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде «Саламатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШС директорының орынбасары Г.А.Жусупова қорытынды есеп берді. Мектеп жұмысының жүйесі жөнінде орталықтың білім бағдарламасы жөніндегі маманы А.К.Турарова мәлімет берді. Бұдан әрі «№9 ЖОМ ОТЖ жүйесінде сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың денсаулық сақтау құзіреттілігін қалыптастыру» мәселесі бойынша №9 ЖОМ оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Н.Е.Тлеугабылова сөз сөйледі. Кейін СӨС координаторы мен тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына түрлі тақырыптарда өткізілетін ашық іс-шараларға қатысуға ұсыныс берілді: «Профилактика экзаменационной тревожности при подготовке к ЕНТ» психологиялық тренинг (педагог-психолог Ю.А.Носова) өткізді, «Бұлақ» ата-аналар клубы «Роль семьи в психологическом здоровье ребенка» (оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі А.М.Анапиянова, педагог-психолог Н.А.Малютина), 1-сынып оқушыларымен топтық және логопедтік сабақтар «Радужное настроение» (логопед мұғалім М.В.Сулягина). «Здоровая молодежь – здоровая нация» сынып сағаты өткізілді, «Экология. ЗОЖ. Экология» секциясының ғылыми жобасын қорғап шықты, «Ұлттық ойын түрлері» қазақ тілі сабағы, «Особенные люди» ағылшын тілі. Бастауыш сынып мұғалімдері шақырылған қонақтармен бірге «Денсаулық әлеміне саяхатқа» аттанды, ал орта буын және жоғары сынып оқушылары «Папа, мама, я – спортивная семья» спорттық жарыс пен шағын олимпиадалық ойындарға белсене қатысты. Мектеп кітапханасында «Витамины круглый год» дөңгелек үстел отырысы (кітапханашы В.В.Козина) өтті. Конференция соңында жиналған жиынға ҚР еңбек сіңірген әртісі, мектеп театры студиясының қоса атқару жетекшісі Н.М.Запрудневаяның басшылығымен А.П.Чеховтың «Юбилей» спектаклін тамашалауға ұсыныс жасалды. Осыдан кейін оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Алия Ерсаиновна Юсупова мен СӨС координаторы конференция қорытындысы мен жоба шешімі шығарылды.скачанные файлы