Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойын
21-04-2017 11:05
«Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойын

Біздің № 43 мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті апталығында 6 сыныптар арасында оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен алған жан-жақтама білімдерін тексеріп, пысықтап; өзге ұлт балаларының қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениеті, дәстүрінен танымдық белсенділіктерін дамытып, пәнге деген қызығушылық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында «Біз Қазақстанда тұрамыз» тақырыбында «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойын өтті.
Ойын «Бәйге», «Полиглот», «Қайсысы артық?» және «Кімнің сөздік қоры бай?» атты төрт кезеңнен тұрды. Әр сыныптан бір сайыскер және оның көмекші досы қатысты.
Ойын шарты бойынша әр кезеңде дұрыс жауап берген сайыскерге жұлдызшалар үлестіріліп отырылды, ал жұлдызшаны аз жинаған сайыскерге сабаққа қажетті кеңсе сыйлықтары табыс етіліп, ойыннан қошеметпен шығарылып отырылды.
Соңында екі ойыншы қалып, «Қазақстаным» деген сөзден бірнеше сөз құрастыру керек болды. Сөйтіп, ойын шарты бойынша ең көп сөз құрастырған 6 «Д» сынып оқушысы Солоденко Софья жеңімпаз атанды. Оған сыйлықпен қоса диплом табыс етіліп, ән шашу арналды.
Балалар сайысқа үлкен жауапкершілікпен келген, достық, ынтымақтастық сезімдері жоғары дәрежеде екендігін көрсете алды. Ойын оқушылардың көңілінен шықты.


Ойынды құрастырып өткізген қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Раушан Сағындык-қызы Кайсаринова.