Өткенсіз келешек жоқ
43-ші мектептің кітапханашысы М.П. Куклина дайындаған ауызша журнал «Өткенсіз келешек жоқ - Без прошлого нет будущего» деп аталды.
Б.М. Шәкенова мен Л.М. Қайырбекованың жетекшілігімен 9-10 сынып оқушылары биыл 100-жылдығын тойлар отырған «Алаш» партиясының тарихи мұрасын білді. «Алаш» қозғалысы – ХХ ғасырдың басында туған аса күрделі құбылыс. 1920 жылдардағы күйреуге қарамастан «Алаш» идеялары Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін жариялағанда ұлттық мемлекеттің пайда болуына терең негіз қалыптастырды және жаңа тарихи шынайылықта жаңарды.