Телефон доверия
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Мың бала»
29-04-2017 11:00
«Мың бала»

 Сәуірдің 28-нде №43 орта мектебінде мемлекеттік тілді насихаттау мақсатына бағытталған «Мың бала» Республикалық мәдени – ағартушылық жобасы аясында «Асыл сөз» сайысы өтті. Сайысқа 1-10 сынып оқушылары қатысты. Сайыс 3 кезеңінен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерімен таныстырды, екінші кезеңде өлең, шығармадан үзінді оқыды, үшінші кезеңде викторина сұрақтарына жауап берді. Оқушылар әдеби дүниетанымдарын кеңейтіп, өз тіл байлықтарын көрсете алды. 6 оқушы жүлделі орын иегері болып, мақтау қағаздармен марапатталды.
I орын- Галюра Яна 7 «Д» және кішкентай женімпазымыз Волегова Дарья 1 «Б»
II орын- Гимазетдинова Виктория 7 «Б» және Солоденко Анастасия 4 «Г»
III орын- Лоладзе Тамара 8 «В» және Плитко Марина 3 «Е»
Барлық сайыскерлер алғыс хат алды.
Болашақта осы оқушылар мектеп мақтанышы ғана болмай, еліміздің мақтанышы болатындарына кәміл сенеміз.
Қазақ тілі мұғалімдері оқушыларын жоғары деңгейде дайындап, олардың шешендік сөзге деген қызығушылықтарын арттыра білді.