![7 Мамыр – Отан Қорғаушылар күні](/media/img/blogs/5912cb7d095fa.jpg)
7 Мамыр – Отан Қорғаушылар күні. Бұл ер адамдарға назарды артуға шақырады. Дәстүр бойынша ер адамдарға осы күні сыйлықтар беріп, қошеметке бөлейді. Қорғаушылар әр отбасыда бар – бұл аталар, үлкен ағалар және әрине, біздің сүйікті әкелеріміз!
№43 ЖОМ-ның спорт залында Л.В. Брехт, Е.Н. Потарская және Е.Б. Нечвиенко мұғалімдері «Жас сарбаз» жылдамдатылған курсын спорттық эстафета түрінде өткізді.
1 «Б», 1 «В» және 1 «Г» сынып ұлдары әкелерімен белсенді қатысушылар атанды. Балалар өз әкелерін үлгі тұтып, ептіліктерін, жылдамдықтарын, күштерін көрсетті.
Эстафеталар арасында келешек Отан қорғаушылар 1 «В» сынып ұлдары спорттық жетістіктер: акробатика, гимнастика көрсетілім нөмірлерін қойды.
Барлық қатысушылар өздерінің физикалық дайындықтарын көрсетті. Әкелерге денсаулық, барлық істерде сәттілік және өздерін жанындай жақсы көретін балаларды мақтан етулерін тілейміз!