Жалпымектепшілік ата-аналар жиналысы
![Жалпымектепшілік ата-аналар жиналысы](/media/img/blogs/59e0348115a17.jpg)
Оқу жетістіктерін сырттай бағалау ережелерімен танысу және оқушылардың қобалжуын жою бойынша психологиялық қолдау көрсету мақсатымен 9-шы сынып ата-аналары үшін жалпымектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Директордың орынбасары С.Қ. Аубакирова ОЖСБ өткізу бойынша ата-аналарға презентация көрсетті және ата-аналардың толғандыратын сұрақтарына жауап берді. Мектеп психологы қобалжуды жою бойынша ұсыныстар берді.