24 қазан күні «Павлодар қаласы №43 жалпы орта білім беру мектебі» ММ-де Қамқоршы күні тойланып өтті. Бұл шара аясында дастархан жайылып, дөңгелек үстел өткізілді.
Дастарханға мектеп директоры З.Ж. Оразалинова, тәрбие жұмысы жөнінде директордың орынбасары С.З. Каирбаева, педагог-психолог О.А. Тортопиди, балалардың құқығын қорғау бойынша инспектор А.Қ. Долголевец, әлеуметтік педагог Б.С. Юсупова, қамқоршылар және сынып жетекшілер жайғасты.
Дөңгелек үстелді мектеп директоры З.Ж. Оразалинова қамқоршыларды құттықтаумен және балалардың тәрбиесіне ат салысқандары үшін алғыс хат беріп ашты.
Балалардың құқығын қорғау бойынша инспектор қамқоршыларға 2016-2017 оқу жылында жасалған жұмыстар туралы ақпарат айтса, сынып жетекшілер алғыстарын білдірді.
Бейресми жағдайда барлық қатысушылар ойларымен бөлісе алды, кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеу сұрақтары бойынша психологтың кеңесін тыңдады. Дөңгелек үстелді аяқтаған кезде «Менің отбасым» тақырыбына қамқоршылар үшін сайыс өткізілді.
Сайыс қорытындысы бойынша қамқоршыларға «Ең креативті отбасы», «Ең шығармашыл отбасы», «Ең тапқыр отбасы» номинацияларымен мақтау қағаздары табысталды. Шара аяқталғанда қамқоршылар мектептің педагогикалық ұжымына балаларға қамқорлық көрсеткені үшін алғыс білдірді.