Павлодар балаларға оқиды
26 қазан күні Нұр Отан партиясының Павлодар облысы филиалы және ПМПИ Е.Бекмаханов ат. ғылыми кітапхананың «Мирас» мәдениет сұрақтары бойынша кеңесімен ұйымдастырылған акция өтті. Біздің мектепке филология ғылымдарының кандидаты, ПМПИ доценті, орыс тілі мен әдебиет оқытушысы Омаров Орман Рамазанұлы келді. Ол 4 «В» сынып оқушыларына (сынып жетекші Н.М. Бұрымбаева) Л.Н. Толстойдың «Филипок» атты сүйікті кітабымен қалай бірінші рет танысқанын, неге бұл әңгіме оның жанына жақын болғанын айтты. Айтқанын растау үшін Орман Рамазанұлы балаларға кітапты оқып берді. Сөзін аяқтағаннан кейін қонағымыз мектеп кітапханасына Н. Гогольдың «Вечера на хуторе близ Диканьки» атты кітабын сыйға тартты.