Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мектептен тыс жұмысбастылық
01-11-2017 09:12
Мектептен тыс жұмысбастылық

2017 жылғы 1 қарашада №43 ЖОМ 7-ші сынып оқушылары Майра Шамсутдинова ат. ән шығармашылық мұражай үйіне және Потанин ат. облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты. Мұражайда екі зал бар. Бірінші залда үй жабдықтарының жәдігерлері және 20 ғ. басындағы киім-кешектер, сонымен қатар Майра Шамсутдинова өмірінің бірінші жылдарынан фотосуреттер бар. Ал екінші залда балалар Майра Шамсутдинованың шығармашылығымен, өнер қайраткерлерімен және ұлттық қазақ аспаптарымен танысты. М. Шамсутдинованың жеке заттары балаларды ерекше қызықтырды. Бұл экскурсия балаларға қазақ халқының тарихын жақынырақ білуге мүмкіндік берді. Потанин ат. Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында табиғат, өлке тарихы, бұқаралық-ағартушылық жұмыстар, этномәдени зерттеу және қолданбалы өнер орталықтары бар. Қойылымға сирек жәдігерлер: мамонттың, үлкен мүйізді бұғының сүлдесі, минералдар мен пайдалы қазбалардың үгілері, алғашқы өркениеттің заттары (тас және қола еңбек құралы, әшекейлер, қарулар, тас мүсіндер, скифтік қазан) қойылды. Балаларға өте қызықты болды.