ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Республикамыздың ТӘУЕЛСІЗДІК күніне орай мектебіміздің 6-сынып оқушылары арасында "Бірлігіміз жарасқан" атты мерекелік іс-шарасы өтті. Фестиваль өте салтанатты әрі жарқын түрде ұйымдастырылды. Әр сынып екі түрлі ұлттың өнерлерін дәріптеп, сахна төрінде паш етті. Келген қонақтар үшін: лезгинка, грек, кәріс, неміс билері қойылды. Сонымен қатар қазақ тілінде, беларус тілінде, өзбек және украин тілдерінде тамаша әндер шырқалды. Бұл мереке еліміздің ұлтаралық достығының тамаша бейнесіндей болды.