Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Біз есте сақтаған кезде - өмір сүреміз»
25-02-2019 09:22
«Біз есте сақтаған кезде - өмір сүреміз»

Ақпан айында мектепке ауған ардагерлерін, интернационалист жауынгерлерді шақыру жақсы дәстүрге айналды. Биыл Малик Джемаевич Супахунов және Юрик Андраникович Оганесянмен кездесу болды.

«Батылдық сабағымызды» «Біз есте сақтаған кезде - өмір сүреміз» деп атадық. Оны тарихқа айналған, бірақ ұмытылмас оқиғаға арнадық.

Бүгін Ауғанстанның күрделі жолдарынан өтіп келкен жауынгерлерді еске алу күні ғана емес, бүгінгі күні біз азаматтық борышын жоғары сезінген адамдар туралы, әскери антқа адал адамдар туралы айтып жатырмыз.

10 «А» сынып оқушылары әскери әрекеттерге қатысқандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап ала алды.

Ауғанстанның соғыс ардагерлері балаларға оқуда сәттілік, спорттық жетістіктер және Отанға адал болуды тіледі.