Экскурсия
2019 жылдың 13 сәуірінде "Жас тілшілер" үйірмесінің қатысушылары Павел Васильев атындағы мұражай үйіне барды. Оқушылардың назарын маңызды оқиғаларға аудару үшін Т.С.Корешкова фильм көру және оны талқылау, қызықты адаммен кездесу сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастырды. "Аңыз осылай басталды" атты фильм Ю.Гагариннің балалық шағы туралы баяндайды. Ал атақты фототілші В.Н.Бугаевпен кездесу қызықты және танымдық маңызы зор болды. Фильмді талқылаған кезде оқушылар әр адамның арманы болуы тиіс, ал достықта ең бастысы өзара көмек көрсету деген шешімге келді.