Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Қауіпсіз ғаламтор»
17-04-2019 10:22
«Қауіпсіз ғаламтор»

2019 жылдың 4сәуірі мен 17 сәіуірі аралығында №43 ЖОББМ ММ-нде  Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министірлігінің балалар құқығын қорғау Комитетінің бастамасымен «Қауіпсіз ғаламтор» ақпараттық науқаны өтті.

Науқанның басты мақсаты – кәмелетке толмағандарды, мұғалімдерді және ата-аналарды агрессивті ғаламтор-контент мәселесі туралы хабардар ету, ғаламтор  ресурстарын пайдалану мәдениетін арттыру  және кәмелетке толмағандардың Ғаламтор-белсенділігін бақылауға үлкендердің  жауапкершіліктерін арттыру. 

Аталмыш уақытқа шаралар жоспары құрылды. Оған сай мектеп психологтері 6-7 сынытар арасында «Ғаламторға тәуелділік» тақырыбына сауалнама өткізді. 1-11 сыныптарда «Ғаламтор деген не?», «Қауіпсіз ғаламтор» әлеміне саяхат», «Пайдалы және қауіпсіз ғаламтор», «Ғаламторсыз бір күнімді қалай өткіздім?» атты тақырыптарға сынып сағаттары өтті. 1-5 сыныптарда «Қауіпсіз ғаламтор» тақырыбына суреттер сайысы ұйымдастырылды. 7-сыныптар «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» туралы презентация жасады. Ғаламтор қауіпсіздігі бойынша ата-аналар жиналысы болды. Ата-аналарға балардың ғаламторға кіруін қалай шектеуге болатыны көрнекі түрде  көрсетілді, сонымен қатар  медиақауіпсіздік бойынша буклеттер таратылды.

Апталық өте белсенді түрде өтті. Оқушылар қызығушылықпен қатысты. Өткізілген науқан нәтижелері бойынша жеңімпаздар мадақтаулармен марапатталды.