Су-құтқару бекетіне саяхат.
Жазғы демалыс маусымының басталып, алдын-ала сақтандыру жұмыстарын жүргізу бойынша №43 ЖББМ-нің «Звенящая строка степи моей» жасағы 2019 жылдың 5 маусым күні су-құтқару бектіне барып қайтты. Құтқарушы болып қызмет ететін Липов Сергей Николаевич оқушыларды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті бекіткен су айдыны мен демалу орындарындағы тәртіп ережелерімен таныстырды.