Телефон доверия
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Қазтелерадиоға» саяхат
11-06-2019 13:57
«Қазтелерадиоға» саяхат

Бүгін 2019 жылғы 11 маусым күні мектебіміздің бейінді жасағы Павлодар қаласындағы «Қазтелерадио» акционерлік қоғамының бөлімшесіне барып қайтты. Орталық инженері Желтоковская Елена Борисовна оқушыларды аналогтық телехабарлардың тоқтатылу және сандық эфирлік телерадио хабарларын тарату желілері бойынша жүріп жатқан жобалармен таныстырды.

2019 жылғы 26 маусымнан бастап аналогтық телехабарлар тоқтатылып,  сандық эфирлік телерадио хабарлары таратыла бастағаннан бастап Павлодар қаласы бойынша 30 телеарна, ал шалғайдағы елді мекендерде 15 телеарна көрсетілетін болады.

Оқушылар дыбыстарды түрлендіру үшін қолданылатын таратушы және қабылдаушы антенналарды өз көздерімен көрді. Зертханаға барып, Павлодар облысы бойынша сандық жүйеге көшу картасын, түсетін дыбыстарды бақылау және сараптау жабдығымен танысты.

Ең бастысы – оқушылар қаламыздың ең биік нысаны  болып табылатын  Телемұнараны жақыннан көрді.