«Туған өлкенің шежіресі»
Жаз – саяхаттау кезі, бүгін мектебіміздің қонақжай залынан шықпай-ақ біздер Ертіс өңірі мен сүйікті қаламызға керемет саяхатқа аттандық. Саяхат жетекшілері: Александр Анатольевич Вервекин – «Павлодар география үйінің» директоры, Татьяна Сергеевна Корешкова – Павел Васильев мұражай-үйінің қорын сақтаушы, мектебіміздің үлкен досы, Надежда Александровна Кубик – Павлодар қаласының мұрағат бөлімінің басшысы.Сонымен қатар Реснянский Елисей өзінің ғылыми жобасын оқушылар назарына ұсынды. Біздің саяхатымыз өте қызықты және танымды болды.