«Мектепке жол»
«Мектепке жол» науқаны аясында 11 сайлау бөлімшесі бойынша қалалық мәслихаттың депутаты – Қобланбек Нұрмұханұлы Кожин салтанатты түрде №2 жалпы орта мектебінде аз қамтылған отбасыдан шыққан біздің екі оқушымызға мектеп тауарын сатып алуға 10 мың теңге сертификатын тапсырды. Айта кеткіміз келеді, Қобланбек Нұрмұханұлы өзі бес баланың әкесі. Ол әкелік мейіріммен балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, табыс тіледі. Мектеп әкімшілігі, ата-аналар және балалар Қобланбек Нұрмұханұлына науқанға қатысып, балаларға баға жетпес көмек көрсеткені үшін алғысын білдіреді.