Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жазушы А. И. Цветаеваға арналған кеш
24-09-2019 11:13
Жазушы А. И. Цветаеваға  арналған кеш

2019 ж. 20 қыркүйекте Павлодар қаласының № 43 ЖОМ-де«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге  асыру аясында А. И. Цветаеваның туғанына 125 жыл толуына арналған«Цветаеваның  Павлодардағы апталығы» циклінен кеш өтті.  Бұл кешке  А. И. Цветаеваның немересі, АҚШ-ның  азаматшасы  - Ольга Андреевна Трухачева қатысты. Сонымен қатар, әйгілі Цветаева танушы, Мәскеудегі Марина Цветаева атындағы мұражайдың басшысы Мунира Мухамеджановна Уразова, Қазақстандағы ММУ филиалының филология кафедрасының профессоры Татьяна Васильевна Кривошапова, әлемдегі жалғыз Павлодар қаласының А.И.Цветаева атындағы мұражайдың басшысы, атақты ақын және тілші  Ольга Николаевна Григорьева, П.Васильев атындағы мұражай үйдің әдіскері Татьяна Сергеевна Корешкова да қатысты.

Ольга Андреевна қатусыларға өзінің балалық шағы туралы, әдебиетке, әнге, тілдерге  деген сүйіспеншілігін қалыптастырған әжесі – Анастасия Ивановна туралы айтып берді  және  сол кездегі  Павлодарды, «Трактор» алаңының маңында болған өз үйін де  есіне алды.Ол мектеп кітапханасына өзінің «Зовут ее Ася», «Кружка с секретом» атты кітаптарын табыстады. Мунира Мухамеджановна  УразоваМ.Цветаеваның «Тебе - через сто лет», «Каток растаял»өлеңдері бар кітапша сыйлады. Өз кезегінде оқушылар әпкелі Цветаеваларға арнап М.Цветаеваның «To Asya», «Подруга»,  өлеңдерін орыс және ағылшын тілдерінде оқыды. Жиналған қонақтар әсіресе, Марина Юрченконың «Әпкелер туралы естелік» өлеңдеріне негізделген мектептің музыка пәнінің мұғалімі Нургазинова Меруерт Медитбекқызының авторлығымен орындауына ерекше  тәнті болды.«Бұл кездесу жоғары  сынып  оқушыларына әдебиет сабағынан Марина мен Анастасия Цветаеваның шығармалары туралы білімдерін кеңейтуге және ұрпақ арасындағы жалғастыққа мүмкіндік берді», - дейді орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі  Гульнара Нуримановна Хасанова.