Абай
Әр халықтың өзінің данышпан, ұлт мақтанышы бар, оның туындылары халықтың ішкі-дүниесінің мәнін білдіреді. Келесі жылы, 2020 жылы біз ұлы философ және ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 - жылдық мерейтойын тойлаймыз.
30 қазан күні мектеп кітапханасында Абайға арналған бірнеше іс-шаралардың біріншісі өткізілді. №4 ҚБК кітапханашылары қазақ және орыс тілдерінде қызықты және танымдық әңгімелерімен қонаққа келді. Ал, мектеп кітапханашысы викторина өткізді, оның барысында балалар Абай туралы өз білімдерін пысықтады.