«Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында 28 ақпанда Павлодар қаласының №43 ЖОББМ ММ Қазақ хандығының 555 жылдығына арналған «Замануи Қазақстанға ғасырлар қойнауынан шолу» ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараның мақсаты оқушыларды қазақ хандығының тарихымен, қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен терең таныстыру болды. Конференция мектеп директоры К. К. Молдабековтың алғы сөзінен және қонақтарды таныстырумен басталды. Конференцияға қатысушылардың музыкалық сәлемдесуі музыка мұғалімі М.М. Нұрғазинованың жетекшілігімен мектептің домбыра ансамблінің қойылымы болды.
Тарих пәнінің мұғалімі А. Х. Қабыкеновтің «Қазақ хандығы—Шығыс пен Батыс арасындағы көп ғасырлық көпір» атты баяндамасының тақырыбы жоғары сынып оқушыларын қазақ даласының тарихи оқиғаларымен қызықтырды. Шақырылған адамдардың сөз сөйлеуі қызықты және танымды болды. Потанин атындағы Павлодар өлкетану мұражайының ежелгі археология бөлімінің меңгерушісі Ж.Н. Нуртаев «Ертіс мультимедиялық мұражайының Ертіс өңірінің тарихи естелігін сақтаудағы рөлі» туралы айтып берді. Тыңдаушыларды ПавГео директоры А. А. Вервекиннің ұлттық кітаптың жаңалығы туралы тұсаукесері қызықтырды. Оның сөз сөйлеуінің тақырыбы: «Кітап оқу арқылы мәдениетті тәрбиелеу».
6 «А» және 7 «Б» сынып оқушылары Рыспаева А. және Петраш П. «Қазақ хандығы» тақырыбында ағылшын тілінде зерттеу жұмыстарын ұсынды. Конференция мектеп кітапханашы Т.Ю. Шуваловамен ұсынылған Қазақ хандығының 555 жылдығына арналған кітап көрмесіне шолумен аяқталды.