Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қашықтықтан оқыту кезінде қалай көмектесуге болады?»
21-09-2020 07:46
«Қашықтықтан оқыту кезінде қалай көмектесуге болады?»
Бүгін ZOOM форматындағы бірыңғай жалпы республикалық ата-аналар жиналысы аясында «Қашықтықтан оқыту кезінде қалай көмектесуге болады?» тақырыбында  жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп директоры Қайыржан Қасымтайұлы Молдабеков ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтау сөзімен бастады. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М. В. Копнышева және А. Т. Тасамбаева мектеп жұмыс істейтін «Kundelik.kz» және «Online Mektep»  ақпараттық платформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ата-аналарға оқушылардың оқу күнін ұйымдастыру бойынша бірқатар ұсыныстар беріліп, оқушылардың орындалған жұмыстарын бағалау нормасы ұсынылды. Ата-аналардың, атап айтқанда, 5-сыныптың оқу қызметін ұйымдастыру және мұғалімнің кері байланысы туралы барлық сұрақтарына директор, оқу меңгерушісі және сынып жетекшілері толық ақпарат берді. 
Мектеп психологтары ата-аналармен қашықтықтан оқыту аясында оқушылардың ынтасын қалыптастыру мәселелерін талқылады. 
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. М. Шакенова ата-аналардың назарын балалардың ғаламтордағы жұмыс қауіпсіздігі мен ата-ана бақылауы мәселелеріне аударды.