"Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік" атты эссе конкурсының мектепішілік кезеңі
Кенжекөл мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік" атты эссе конкурсының мектепішілік кезеңі өтті. Конкурсқа 5-11 сынып оқушылары қатысты. Конкурстың мақсаты: латын негізді қазақ тілі әліпбиінің практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, бейімделу. Конкурстың қорытындысы бойынша қалалық кезеңге 11 "А" сынып оқушысы Альмишев Нұрбол мен 8"А" сынып оқушысы Мейрам Нарқыз жолдама алды. Құттықтаймыз!