Тұңғыш Президент Күні қарсаңында Кенжекөл ЖОМ -да 2019 жылдың 23 қарашасында "Қазақ күресі " бойынша қалалық ашық турнирі өтті. Турнирға 2007-2009, 2010-2011 жылы туған бозбалалар қатысты. Жарысқа "ДОС, Эльдорадо, Батыр" спорттық клубтары, сонымен бірге Екібастұз қаласының, Павлодарское, Байдала мен Кенжекөл ауылдарының командалары қатысты. Турнирдің салтанатты ашылуына Кенжекөл ауылдық округ әкімі Серік Ниязбекұлы Шуакбаев және "Қазақ күресі федерациясы" директорының міндетін атқарушы ДарханЖоламанов қатысты. жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының "Балалар-жастар спорт " орталығының грамоталармен, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды.