Кенжекөл ауылдық округінде ТЖ бойынша оқу-жаттығу өтті
![Кенжекөл ауылдық округінде ТЖ бойынша оқу-жаттығу өтті](/media/img/blogs/5e5c87fd1be9a.jpg)
Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Кенжекөл округінде ТЖ бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Кенжекөл ЖОМ базасында су тасқыны кезінде зардап шеккен азаматтарды қабылдау үшін эвакуациялық пункт ұйымдастырылды. Павлодар облысы ТЖ басқармасы волонтерлермен бірге зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету техникаларын көрсетті.