Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 31-87-43
email: sosh32@goo.edu.kz
Адрес: г.Павлодар, пос.Ленинский, ул.Панфилова 65
65-31-22, 31-87-43
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15:00-18:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Нұр Отанның» арнайы курсы
26-10-2011 09:39
«Нұр Отанның»  арнайы курсы

                                                                                    

 

«Нұр Отанның»  арнайы курсы

              

Қазақстан Республикасы демократиялық ізгіліктерді басшылыққа алып дамып келе жатқан жас мемлекеттердің бірі. Біздің еліміз ашықтық, жариялылық принциптерін ұстана отырып, билік пен қоғам, бұқаралық ақпарат құралдарының өзарабайланысына негізделген қоғамды құру үстінде. Олардың өзарабайланысы негізінен мемлекетіміздегі сайлау науқандары кезінде нақты байқалады.

ПАРТИЯЛЫҚ-САЯСИ КАДРЛАРДЫ

   ДАЯРЛАУЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫК ТӘСІЛДЕРІн үйрету мақсатында жақында  «Нұр Отан»  ХДП жоғары партия мектебінің Шығыс Қазақстан аймақтық филиалында  Семей қаласында  арнайы курс ұйымдастырылды. Курсқа облысымыздан  барған 5  адам  «БАҚ-тың электоратпен өзара байланысы», «Сайлау алды және сайлау компанияларының жұмысын ұйымдастыру»,«Партиялық-саяси кадрларды даярлауының инновациялық тәсілдері», «Аудитория алдында сөз сөйлеу шеберлігі»  атты лекциялар тыңдап, әртүрлі тренинг-жаттығуларды үйренді.

Ғалымдардың пікірінше, БАҚ-тың мынандай ерекшеліктері оның саяси коммуникация құралына айналуына септігін тигізіп отыр:

  • 1 ақпарат құралдарының өнімін тұынушылар саны шексіз.
  • 2 ақпарат таратуға арналған техникалық құрал-жабдықтарының барлығы БАҚ-ты барынша күшті етеді.
  • 3 мәліметтер ағынының біржақты, яғни, коммуникатордан реципиентке дейін жүруі.
  • 4 эфирден берілген әр хабардан соң, мерзімді баспасөзде жарияланған мақаладан кейін аудиторияның көңіл-күйі ауысып, өзгеріп отырады.
  • Электорат- сайлауға қатыса алатын, дауыс беруге құқылы азаматтар жиынтығы. «Электорат» француздың «elektorat» сөзінен шыққан және сайлауда белгілі-бір саяси партияға дауыс беруші сайлаушылардың жиынтығы деген мағына береді.

Сайлау қазіргі заманғы демократиялық қоғамда саяси үдерістің белгілі бір ажырамас бөлігі болып табылады. Ол үлкен саясатқа бет бұрған азаматқа Парламент депутаты, жергілікті өзін-өзі басқару органына сайлануға және Президент болуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, сайлау уақытында қарапайым азаматтар саяси өмірге белсенді қатысып, жоғарғы мемлекеттік органдардың персоналды құрылымына әсер ету мүмкіндігіне ие бола алады. Сайлау бұл елімізде ашық таңдаудың бар екендігін көрсететін процесс. Мемлекетіміздегі электоралдық демократияның дамуы тікелей сайлау науқандарына байланысты екені белгілі. Сондықтан, қоғам мен билік, бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзарабайланыстың қызу науқаны да дәл осы кезеңдерде анықталады.      

Қазақстандағы саяси жүйені ақпараттандырудың қазіргі жағдайында жүргізілген талдауға мынадай қорытынды жасауға болады (электронды үкіметті, электронды дауыс беру мен іс қағаздарын, ұлттық инфрақұрылым жасау мен көптеген сфераны ақпараттандыруды қалыптастыру қажет), ақпараттық қоғамды одан әрі дамыту үшін көптеген мәселелерді шешу қажет. Олардың ішінде:

Қазақстанның тәуелсіздігінің бүгінгідей жиырма жылдығына бейбіт түрде қол жеткізіп отыруының өзі еліміздің демократиялық принциптерге сай тұрақты саясат жүргізіп келе жатқандығының жемісі екендігін көрсетеді. Бұл біздің халқымыздың бірлігін нығайтып, одан әрі саяси тұрғыдан қарыштап дамуына жол ашады.

Тыңдаушылар өткен курс бойынша оқыған мәселелерді талдап, Сайлау жұмыстарынан жоба құрып тапсырды, тест сұрақтарына жауап берді. Курс соңында тыңдаушыларға арнайы сертификат  беріліп, белгілер тапсырылды. 

Бүгінгі күнде саяси партиялардың имиджін қалыптастыруда Интернет жүйесінің рөлі күннен-күнге артуда. Мәселен, басқарушы партия – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының жұмыстарымен танысқысы келсе, www.ndp.-nurotan.kzмекен-жайынан барлық мәліметтерді алуға болады

Жайдақбаева Райгүл Құнашқызы

«Нұр Отан» ХДП

алғашқы ұйымының төрайымы.