ҚАУІПҚА НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!!!
Біраз мерзімнен соң мектепте демалыс басталады. Балаларда бос уақыт пайда боладыі. Электр құралдарын пайдалану кезінде Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін және басқа да САҚТАЛУҒА тиісті қарапайым мәселелерді білу балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және жарақаттар мен жа-зайым оқиғалардын алдын алады.
Қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан ауыр зардаптарға – балалардың қаза болуына және зардап шегуіне әкеліп соққан бірнеше қайғылы оқиғаларды мысалға келтірейік:
- 2001-2002 жылдары Павлодар облысында электр тогы соғу салдарынан бес бала қайтыс болды. Барлық жағдайлар балалар трансформатор подстанцияларының бөлмесіне кірген немесе электр тасы-малдағыштар желісінің тіреуіне шыққан кезде болған;
- 2014 жыл Баянауыл ауылы. 7 жастағы ұл бала достарымен тығылмақ ойнап жүріп, трансформа-тор дүңгіршегінің (КТП) төбесіне шығып, кернеуі 10 кВ токөткізгіш шинаны қолымен ұстаған. Нәтиже-сінде, бала денесінің 15%-н күйік шалып, сол қолы ампутацияланды;
- 2015 жыл, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылы. 11 жастағы ұл бала ойнап жүріп, трансформа-тор қоршауының ішіне кірген. Ток өткізгіш элементтерге жанасқанда, оны ток соқты. Нәтижесінде, ба-ланың екі қолын бірдей ампутациялауға тура келген;
- 2018 жыл. қыркүйек Жаңаауыл а. 12 және 14 жастағы ұл балалар спорт алаңында ойнаған кезде қоршауға шығып жаланаш токөткізгіш элементерге тиді. Нәтижесінде балалар қайтыс болды.
Сонымен үзілді-кесілді:
* Трансформатор және ток бөлетін подстанцияларға өте жақын келуге және жанасуға, ішіне енуге және төбесіне шығуға болмайды;
* Электр тасымалдағыш кәбілдердің және әуе желілерінің жерде жатқан және үзілген жала-ңаш сымдарына жақындауға және ұстауға болмайды;
* Бойында электр тогы жүріп жатқан жалаңаш сымдарға жанасуға болмайды;
* Құралдарда немесе сымдарда электр тогының бар-жоғын білу үшін саусақпен тексеруге болмайды;
* Сым оқшаулағыштарға зиян келтірмеу және қысқа тұйықталуды (от шығу) болдырмау үшін оларды есікпен, терезе жақтауларымен қыстыруға, шегелерге бекітуге болмайды;
* Электр өткізгіштер жылу батареяларына, су құбырларына, телефон және радиотрансляция сымдарына жанаспауын бақылап отыру қажет;
* Балалардың розеткалардың жанында ойнауларына, оған шпилькалар мен түйреуіштер ты-ғуына, сымдарды ұстауына жол бермеу керек, өйткені бұл ток соғуына әкеліп соғады;
* Сулы қолмен электр лампочкаларын, тұрмыстық приборларды жағу немесе сөндіру қа-уіпті. Жанып кеткен лампочкаларды ажыратқышты сөндіріп қойып ауыстыру қажет;
* Корпустарының бойымен ток жүріп тұрған тұрмыстық электр құралдарды («тістейтін» прибор) пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Құралдарды қосқан және ажыратқан кезде штеп-сель айырын сымнан емес пластмасса колодкасынан ұстау қажет;
* Су қайнататын, ас пісіретін (электр шәйнектер, кәстрөлдер) приборларды желіге құрғақ-тай қосуға болмайды. Олардың кем дегенде үштен бір бөлігін сумен толтыру керек. Шәйнекке немесе кәстрөлге су құйғанда, олар міндетті түрде токтан ажыратулы болуы қажет;
* Сондай-ақ, приборлардан ажыратылған шнурлар да штепсельді розеткадан ажыратулы болуға тиісті, себебі, оған байқамай жанасқан кезде ток соғуы мүмкін;
* Кез келген тұрмыстық электр құралдарды бір қолмен, мүмкін болса, оң қолмен, және сол кезде су жүретін, газ және жылу құбырларына жанаспай қосу немесе ажырату қажет.
* Өрт шығуын болдырмау үшін, тұрмыстық электр приборларын арнайы тұғырларға (кера-микалық, металл, немесе асбестен жасалған) және жылдам жанатын заттардан (перде портьер, дастар-хан) қауіпсіз қашық жерге орнату қажет.
Осыны балаларыңызға түсіндіріңіз, оларға қарапайым Ережелерді ұқтыру үшін уа-қытты Бүгін табыңыз, өйткені Ертең кеш болуы мүмкін.
ҚР ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау ко-митетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті.