Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 31-87-43
email: sosh32@goo.edu.kz
Адрес: г.Павлодар, пос.Ленинский, ул.Панфилова 65
65-31-22, 31-87-43
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15:00-18:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мақал-сөздің мәйегі»
26-10-2011 09:49
«Мақал-сөздің мәйегі»

«Мақал-сөздің мәйегі»

26 тамыз-26 қыркүйек  «Тілдер айлығы» шеңберінде

№ 32 мектепте  «Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің қолданысы»  тақырыбында арнайы жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. Атаулы апталықта қазақ тілі пәні мұғалімі Райгүл Құнашқызы Жайдақбаева бастауыш сынып оқушыларының  ата-аналарымен бірлесе отырып,жас жеткіншектердің   бұл мәселені  қалай меңгергендігін білу мақсатында  « Мақал - сөз мәйегі» атты сайыс ұйымдастырды. Мақал - мәтелдер – сөз мәйегі, асылы, саф алтыны. Қазақ халқы  «Мақал - сөз атасы» дейді. Айтар ойды екі ауыз сөзбен жеткізіп, ұрпағына тәлім – тәрбие, өнеге, үлгі берер ауыз әдебиетінің асыл мұрасын күнделікті өмірімізге пайдаланып, қажетімізге жаратып та жүрміз.     Сайысқа арнайы  іріктелген әділқазылар алқасы тобында орталық кітапхананың маманы -Бақыт Алимова, қазақ тілі  пән бірлестігінің жетекшісі Ә.Т.Алдабергенова, қалалық  «Тіл-татулық тірегі» сайысының жүлдегері, қазақ тілін меңгеруге ынталы, психолог А.А.Бережнаялар болды.  
Сайыс үш кезеңнен тұрды.

1 кезеңде қатысушыларымыз тіл өнері, ақыл - ой, ғылым - білім туралы сайысқа түссе, оқушылардың   жылдамдығы мен шапшаңдығын анықтау мақсатында екінші бөлім «Кім жүйрік?» атты тақырыпта өтті. Бұл сайыста алдын-ала берілген тақырыптар бойынша әр топ белгілі бір уақыт (2 минут) ішінде көбірек мақал-мәтел айтудан жарысты. Алдын-ала берілген тақырыптар: отан, білім, еңбек, ана тілі болған. Үшінші бөлім. «Кім білгір?» атты тақырыпта өтті. Бұл кезеңнің мақсаты оқушылардың   тапқырлығы мен ой-өрісін тексеру болды. Бұл бөлімде жүргізуші мақалдың басын айтып берді де, ал қатысушылар оның жалғасын айтты. Қай топ бірінші қол көтерді, сол топқа мақалды жалғастырып айту мүмкіндігі берілді.
Сонымен қатар, қазақтың тыйым сөздері, тұрақты тіркестердің мәнін ашу, салт - дәстүр, әдет - ғұрып бойынша берілген сұрақтарға жауап берді. Үш кезеңде өздерінің білімділігі мен тапқырлығы басым болып  3 сынып оқушысы Мүбарак Жандос  жеңіске жетті. Жүлдегер оқушылар мен қатысушыларға мектептегі қазаұқ тілі әдістемелік бірлестігі дайындаған  арнайы сыйлықтары тапсырылды. Сайыс жас ұрпақ санасына танымдық, тәлімдік тәрбие берумен қатар, ұмытылуға айналған наным - ырымдарды еске салды.
Сайыс соңында әділ қазылар алқасы  сайыстың қорытындысын шығарып, жеңген топтың ұпайын айтты. Жеңген топ тағы оқушы мен ата-анасына арнайы сыйлықтар тапсырып, мақтау қағазымен марапатталды.  Аталған апталық аясында бұдан өзге де іс-шаралар өткізілді.