Сенім телефоны
8 (7182) 31-87-43
email: sosh32@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Ленин к., Панфилов көшесі 65
65-31-22, 31-87-43
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі: 15:00-18:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
№32 мектептегі «Мейірімді жаз-12»
05-06-2012 07:17
№32 мектептегі    «Мейірімді жаз-12»

 

№32 мектептегі    «Мейірімді жаз-12»

         Биылғы жазғы демалыс №32 мектептегі бүлдіршіндер үшін ерекше болмақ. «Балалық шағың-патшаның тағы»   демекші, баланың сыңғырлаған күлкісі мен балдай тәтті сөздеріне жететін ешнәрсе   жоқ   екенін   түсінген   демеушілік  көрсеткен   ұйымдарға ризашылығымыз шексіз! Ленин кентінде орналасқан «Рубиком»   серіктестігі (директоры-Е.В.Шмидт)    мен  Павлодар қаласындағы «Центр КАМАЗ» орталығы басшылары игілікті істен бас тартпай, жазғы демалыс лагерінің құнын  төлеуге  жағдайы жоқ 16 отбасы балаларына лагерьге жолдаманы тегін сыйлады.

Сонымен қатар, Павлодар қаласына мәдени іс-шараларға қатысуы үшін бірнеше рет  баратын көліктің жанармайын да төлеп беріп отырған «Центр КАМАЗ»  директоры А.В.Волковтың  балаларға сыйлаған сыйын ата-аналар қуанышпен қабылдады.

Мейірімділік көрсеткен аға-апаларының арқасында Мейірімді жазда демалған шәкірттердің  жүректері мейірімділікке толы болмағы сөзсіз.

                                                                        Р.Құнашқызы