Сенім телефоны
8 (7182) 31-87-43
email: sosh32@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Ленин к., Панфилов көшесі 65
65-31-22, 31-87-43
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі: 15:00-18:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тұңғыш Президент кабинетінің ашылуы. Открытие кабинета первого президента.
04-12-2012 06:42
Тұңғыш Президент кабинетінің ашылуы. Открытие кабинета первого президента.

Тұңғыш Президент кабинеті.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Павлодар қаласы №32 мектепте «Тұңғыш  Президент  кабинеті»  салтанатты түрде ашылды. Бұл мерекеге Ленин кенті әкімшілгі мамандары, «Рубиком» ЖШС басшылығы, кент аурухана дәрігерлері, №31-№33 мектеп мұғалімдері, өрт сөндіру қызметкерлері, Ленин кенті полиция бөлімшесі қызметкерлері, Байланыс бөлімшесі мамандары, №32 мектеп ұжымы, оқушылары куә болды.

Арнайы кабинетті салтанатты түрде ашу рәсімі Ленин кенті әкімшілігі аппаратының бас маманы Ибраева Әлия Амангелдіқызына және №32 мектеп қызметкері Федотова Екатерина Николаевнаға  берілді. Ұмытылмас сәттің шырайын дәстүрлі «шашу»  рәсімі аша түсті.

«Тұңғыш Президент»  кабинетінде қонақтар  «Ұлттық келбетті ұлықтайық» атты стендті,  Н.Назарбаевтың өмірбаяны,  Еңбек жолы слайдтарын   тамашалап,   биыл ашылған 5 «А» қазақ сыныбының  «Жаса, Қазақстан! Жаса, Елбасым!»  атты  тәрбие сағатының  куәсі болды.