Сенім телефоны
8 (7182) 31-87-43
email: sosh32@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Ленин к., Панфилов көшесі 65
65-31-22, 31-87-43
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі: 15:00-18:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тұңғыш Президент күні мерекесі
05-12-2012 03:30
Тұңғыш Президент күні мерекесі

Тұңғыш Президент күні мерекесі

Аталған мерекеге орай   Павлодар қаласы №32 мектепте  бірқатар мерекелік  іс-шаралар жоспарланып, іске асты. Мерекелік іс-шара жоспарын арнайы құрылған кеңес мүшелері бекітіп, жұмыс барысының орындалуын бақылап отырды.  Алдымен  мектеп  әкімшілігі  өткізген салтанатты жиналыста     Қазақстан Республикасының   тұңғыш   Президентінің өмірбаяны, еңбек жолымен таныстырып, осы мерекенің маңыздылығы жөнінде сөз болды.    «Әлемдік тұлға-Личность мирового масштаба»  атты стенд жасақталып,  «Менің елім-Моя страна»   тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылыды.  Әр сынып бойынша «Менің Елбасым» атты тәрбие сағаттары  өткізілді. Тұңғыш Президент туралы арнайы фильмдер фонотекасы жиналып, көрермендерге көрсетілді. Жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өткізіліп, бастауыш сынып оқушылары «Көңілді стартта» бақ сынаты. Жоспарланған іс-шаралар 30 қараша күні «Елбасым-мақтанышым» атты концерттік бағдарламада қорытыланды. Мектеп оқушылары  Президенттің еңбек жолы мен тәуелсіздік жылдарындағы тарихи кезеңдерден маңызды  мәліметтер алып, болашаққа нық сеніммен қарауға   мол    мүмкіндік алды. 

Р.Құнашқызы